Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы және мешіттің әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – көпшілікке Рамазан айының қадір-қасиетін түсіндіру, жастарды имандылыққа, адамгершілікке және ізгілікке тәрбиелеу болды.
Кеш барысында Рамазан айының маңызы, ораза ұстаудың рухани тәрбиесі мен қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті арттырудағы рөлі туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар Құран аяттары оқылып, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінен тағылымды насихаттар келтірілді.
Іс-шараға жалпы 76 адам қатысып, жамағат арасында діни-танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Қатысушылар Рамазан айының ерекшеліктері мен сауапты амалдары туралы пайдалы мәліметтер алып, рухани әсерге бөленді.
Мұндай рухани кездесулер қоғамда татулық пен бауырмалдықты нығайтып, жастардың діни сауатын арттыруға және ұлттық-рухани құндылықтарды дәріптеуге зор ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы