Қарағанды облысы бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен дәстүр мен отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған ауызашар кеші өтті.
Шара барысында берекелі ауызашар дастарханы жайылып, алдымен ел мен жердің тыныштығы үшін дұға жасалды.
Кеш барысында қасиетті Қадір түнінің маңызы мен құндылықтары жайында уағыз айтылды.
Сонымен қатар, рухани отырысқа қатысқан жамағатқа дін, дәстүр және отбасы құндылықтарына байланысты сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.
Кеш соңында ауызашар дастарханына демеушілік көрсеткен жандарға алғыс білдіріліп, олардың қолдауы қоғамдағы игі іс-шаралардың жалғастырылуына үлес қосатыны атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы