Қарағанды облысы «Әйел-қыздар» секторының қолдауымен 2 жыл бойы тұрақты жұмыс жасап келген «Ханифа» қыздар даму клубы кеңейіп, «академия» статусына ие болды. Осыған орай академияның ресми тұсаукесері өтті, лента қиылып, жаңа кезең басталды.
Академия алдағы уақытта 8 бағыт бойынша жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Оның құрамына арнайы мамандар қабылданып, қатысушыларға жан-жақты пайдасын тигізетін орта қалыптастыру көзделген.
Академияның негізгі мамандары:
- Алтынхан Жансая Шыңғысханқызы – дәрігер-эндокринолог, диетолог
- Асмагамбетова Салтанат Дархановна – заңгер
- Кәденова Төлеукүл Әбдіхамитқызы – эксперт-бухгалтер, трейдер
- Айдарханова Гүлбарам Сайлауқызы – жалпы тәжірибелік дәрігер
- Каримбаева Мадина Уразбаевна – интегративті акушер-гинеколог, anti-age эксперт
- Шалабекова Айғаным Мұхтарқызы – стилист
Академияның ұйымдастырушылары оның миссиясы – қыздар мен әйелдердің дамуына, кәсіби және жеке қабілеттерін арттыруға, заманауи білім мен тәжірибе беруге бағытталғанын атап өтті.
Тұсаукесер шарасына қатысқан жамағат академияның қызметін жоғары бағалап, жастар үшін пайдалы әрі қажетті бастама деп таныды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы