Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай қайырымдылық мақсатындағы ауызашар дастарханы жайылды.
Шарада мешіттің белсенді ерікті жастарына да арнайы ауызашар беріліп, олардың ізгілік пен қайырымдылық ісіне қосқан үлестері атап өтілді.
Мешіт наиб имамы Танат Тилманов жиналғандарға Рамазан айының қасиеті, ораза мен ізгі амалдардың маңызы туралы насихат айтып, жастарды рухани тәрбие мен қайырымдылыққа шақырды.
Ауызашар барысында қатысушылар рухани азық алып, бір-бірімен пікір алмасты және Рамазан айының берекесін бірге сезінді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы