Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жастарға Қадір түнінің маңызы насихатталды
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жастарға Қадір түнінің маңызы насихатталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде жастарға мың айдан да қайырлы болған қасиетті Қадір түнінің қадір-қасиеті жайында насихат жұмыстары өткізілді.

Мешіт ұстазы Оразалы Ноянұлы қатысушыларға Рамазан айының қасиеті, Қадір түніндегі ғибадат пен ізгі амалдардың маңызы туралы кеңінен түсіндіріп, жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа шақырды.

Жиын барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, рухани азықтанды. Шара соңында жастар Қадір түнінің берекесін сезініп, мешіттегі рухани ортада бір-бірімен пікір алмасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz