Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде мешіт имамы Рүстем Мұратұлының ұйымдастыруымен уақып қорының маңызына арналған насихат жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында мешіт жамағаты уақып қорының қоғамдағы орны, діни өмірдегі маңызы және оның игілікті істерге жұмсалу жолдары жайында толық ақпарат алды. Сонымен қатар, жамағат арасында сауал-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Имам Рүстем Мұратұлы уақып қорының барша мұсылман қауымының бірлігі мен қоғам игілігі үшін маңызды екенін атап өтті және мұндай игі іс-шараларға барша жамағатты қатысуға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы