Center Image
IHSAN.KZ
«Қасқар би» мешітінде облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды
«Қасқар би» мешітінде облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды

Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, «Қасқар би» мешітінде Құран Кәрімнің 30-парасы бойынша облыстық Құран сайысы өтті.

Игі шараға облыстың әр өңірінен келген 30-дан астам шәкірт қатысып, қасиетті Құран аяттарын жатқа әрі көркем түрде оқудан бақ сынады.

Сайыстың әділқазылар алқасының құрамында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы, шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты маманы Жүсіп Шұғайұлы, «Қасқар би» мешітінің қариы Абдулхафиз және Жанқұтты би мешітінің ұстазы Рысбай Асыл болды.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегі шәкірттерге бұйырды:

 1-орын – Мағауия Ибраһим

 2-орын – Өрісбай Әрсен

 3-орын – Олжабек Айшуақ

 4-орын – Мұратұлы Дінмұхаммед

Сайыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, қосымша сыйлықтар берілді. Мұндай игі шаралар жас буынның Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, діни білімін тереңдетуге үлкен үлес қосады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz