4 Сәуір, 2018 жыл
17 Раджаб 1439
часов до
17 Раджаб 1439 Хижра
намазына дейін ::
Күллі жаратылыс атаулы - Аллаһ Тағаланың құдіретін, шеберлігін, ілімін, жалғыздығын, ұлылығын танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:
Ислам ғұламалары: «Намаз – иманның басы және тозақтан құтқарушы», – деп айтқан. Намаз – кәлимә-шаһадаттан кейінгі ең ұлы парыз болып есептеледі. Алланың бар екендігі және бірлігін біліп растау – ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені және ең маңыздысы – намаз. Алла Тағала Құран Кәрімде «Мен жындар мен адам баласын тек қана Маған ғибадат етсін деп жараттым», – деп бұйырған.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Түнде оянып онымен (Құранмен) нәпіл оқы. Раббың сені мақтаулы орынға жеткізуі мүмкін» («Исра» сүресі, 79-аят),–деген. Түнде оқылатын қосымша намаз тәһажүд деп аталады. Мүсілімнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыз намаздардан кейінгі ең абзал намаз – түнгі намаз», – деген.