Тілдік нұсқа
Радио

ЖАМАҒАТ НАМАЗЫНДА ИМАМНЫҢ ДӘРЕТІ БҰЗЫЛЫП КЕТСЕ НЕ ІСТЕЙДІ?
01 қаңтар, 1970 жыл 0 Басып шығару нұсқасы

 

Намаз дұрыс болу үшін дәретті болу шарт. Егер дәреті бұзылса намазы дұрыс болмайды. Жамағатқа имам болып тұрған адамның еркінен тыс дәреті бұзылса, бір жаққа жылжып артындағы кісіге имамдыққа шығуға ишара жасайды. Кейін өзі дәрет алуға кетеді де, орнына шыққан кісі намазды сол жерден жалғастырады. Себебі мұндай жағдайда алғашқы имамның дәреті бұзылғанымен намазы бұзылмайды. Бұлай жасаудың дұрыс екендігіне Ислам ғұламалары бір ауыздан келіскен.


Марғинәни: «Намаздың ішінде дәреті бұзылған адам намазын тоқтатады. Егер ол имам болса артындағы адамды орнына қойып өзі дәретін жаңартып намазын жалғастырады»[1].


Дәреті бұзылған имам басқалардың ойы бұзылмауы үшін артқа шегінеді де біреуді орнына қойып мұрнын ұстап шығып кетеді. Айша (р.а) анамыздан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  былай деген:


إذا أحدَث أحدُكم وهو في الصَّلاةِ فليأخُذْ على أنفِه ثمَّ لينصرِفْ


«Сендердің біреуіңнің намаз оқып тұрғанда дәреті бұзылса мұрнын ұстап (намаздан) кетсін»[2].


Егер имамның дәреті сәждеде бұзылса «Аллаһу әкбәр» сөзін айтпай сәждеден басын көтеріп, арттағы бір кісіге тоқтаған жерінен жалғастыруын ишара етеді. «Аллаһу әкбәр» деп басын көтерген жағдайда бәрінің намазы бұзылады. Рукуғда да дәл солай.


 Қорыта айтқанда, имамның дәреті бұзылған жағдайда артындағы тұрған бір кісіге орнына шығуға ишара (белгі) жасап, өзі шығып кетеді. Орнына шыққан адам намазды сол жерден жалғастырып аяқтайды. Дәреті бұзылған имам дәретін жаңартып, намазы тоқтаған жерден жалғастырып жалғыз намаз оқитын кісі сияқты жеке оқып аяқтайды.   

 

 

Айтуған Тойбазар

СҚО бойынша пәтуаға жауапты маман



[1] Мәрғианани, әл-Хидая, 1, 152 бет

2 Әбу Дәуід, №1114

3 Әбу Дәуід, 1/666

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары