Рамазан айындағы парыз оразасы болсын, сүннет не нәпіл оразасы болсын қандайда бір ораза ұстаған кісі ұмытып ішіп не жеп қойса оразасы бұзылмайды. Ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін бірден тоқтатуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
مَنْ نَسِيَ وَهُوَ صَائِمٌ، فَأَكَلَ أَوْ شَرِبَ، فَلْيُتِمَّ صَوْمَهُ، فَإِنَّمَا أَطْعَمَهُ اللَّهُ وَسَقَاهُ
«Ауызы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені оған жегізген де, ішкізген де – Алла»[1] – деген.
Ал егер оразам бұзылды деген оймен, білместікпен ішіп-жеуін ары қарай жалғастырса, Рамазан айынан соң сол күннің қазасын ұстап береді.
Пікірлер