РАМАЗАН АЙЫНДА КҮНДІЗ ҚАН ТАПСЫРУ ОРАЗАНЫ БҰЗАДЫ МА?

 

Ораза ұстаған адам донорлық мақсатта және талдау (анализ) үшін қан тапсырса немесе ауру себебінен қан алдырса оразасы бұзылмайды. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған. Ибн Аббастан (Алла ол кісіге разы болсын) келген риуаятта:

أَنَّ النَّبِيَّ - صلى الله عليه وسلم - وَاحْتَجَمَ وَهُوَ صَائِمٌ

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза бола тұра хижәмә жасатқан еді» – деген.

Дегенмен аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі жететін болса оған қан алдыру – «мәкрүһ» болып саналады.


© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін