Тілдік нұсқа
Радио
Сансызбай Құрбанұлы
Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Туған жылы: 29.06.1971 ж.  Білімі: 1988 жылы Дарбаза  ауылында №29 орта мектепті бітірген. 1993-1994 жылы Алматы орталық мешітінде араб тілінен сауат ашқан. 1994-2004 жылдар аралығында Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әлемге әйгілі әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы сол университеттің «Ислам шариғаты» факультетін бітірген. 2005-2008  жылдар аралығында  Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтына түсіп екі жылдық магистратураны бітірді. Онымен қатарлас аралығында Мысыр Араб Республикасы Каир қаласындағы  «әл-Әзһар» университетінің жанындағы «Пәтуа комитетінде» пәтуа бөлімін бітірді. 2009-2010 жылдар аралығында Қазақстан аймағы бойынша уағыз-насихатпен жүрді. 2010-2012 жылдар аралығында Ақтөбе облысы «Нұр-Ғасыр» облыстық орталық мешітінің найб имам қызметін атқарды. 2013 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып жатыр. 2013-2014 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие болған. Қазіргі таңда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша докторантураны оқып жатыр. ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі қызметін атқаруда. ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің және РАНТ мүшесі. Үйленген, алты баланың әкесі.

Видео

16 қаңтар, 2020 жыл 34 Он бәленің тоғызы тілден / Сансызбай Құрбанұлы
11 маусым, 2017 жыл 157 Ораза айында 5 нəрсе бар
11 сәуір, 2017 жыл 434 Періште көзге көрінеді екен (видео)
01 сәуір, 2017 жыл 602 Бір апта оразасын қаза еткен адамның жаназасында... (көріңіз)
30 наурыз, 2017 жыл 542 Иса (а.с) пайғамбар не үшін қайтып келетінін білесіз бе? (Көріңіз)
24 наурыз, 2017 жыл 380 Осы адамдардың алдында ғана орамалсыз жүруге рұқсат етілген (көріңіз)
10 наурыз, 2017 жыл 357 Адамда ашу болу керек, себебі (видео)
10 наурыз, 2017 жыл 267 Үйленер алдында қыз бен жігіт осыны ұмытпасын (видео)
21 ақпан, 2017 жыл 339 Мұсылманша жерлеу рәсімі | Ұстаз Сансызбай Құрбанұлы (көріңіз)
18 ақпан, 2017 жыл 211 Әлемде бар бірақ ақылда жоқ нәрсе (видео) Сансызбай Құрбанұлы
15 ақпан, 2017 жыл 360 Пайғамбарда(с.а.у)-да неге 9 әйел болған? (видео)
15 ақпан, 2017 жыл 139 Біз бәріміз білуіміз қажет (видео)
24 қаңтар, 2017 жыл 244 Қияметте намаздан соң сұралатын амалдар
бас мүфти блогы бас мүфти блогы

Күнтізбе

Жоғары