Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қазыбек би» мешіті ҚарМУ студенттеріне «Ауызашар қоржынын» үлестірді
19 сәуір, 2021 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген.  Шаһарымыздың барлық мешіттерінде жүзеге асып жатқан «Ауызашар қоржыны» «Қазыбек би» мешітінде де арасы үзілмей өткізіліп келеді. Бұл жолы ҚарМУ-нің 65 студенттеріне берекелі Рамазанның «дорбасы» үлестірілді. Игі шараға «Қазыбек би»  мешіттің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы арнайы қатысып, болашақ мамандарға Өзінің ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айымен құттықтады. Кезекті бір хадисінде  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген.

Алла Тағала баршамызға сауапты істен құр қалмауды  нәсіп етсін! Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары