Тілдік нұсқа
Радио

Фото

РАМАЗАН АЙЫ ҚАРСАҢЫНДА ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ 10 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
14 сәуір, 2021 жыл 68 Басып шығару нұсқасы

Хакім Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген. Ұлы шайырдың бұл сөзін ойшыл Шәкәрім «Шын таза жан тазалықпен, Тәңірісіне бармақ ол» деп қуаттайды. Ғасырлар бойы ұлы даламызда салтанат құрып келе жатқан ислам дінінің қадір-қасиеті адамзат баласы үшін басты құндылық. «Алланы бір, Пайғамбарды хақ, Құранды шын» деп таныған ата-бабаларымыздың аманатына адалдық таныту – бүгінгі міндет.                                                               Дінді дұрыс түсіну адамның өзінің таным-түйсігіне байланысты болса, әсіресе жас­тарға шариғаттың негізгі шарттарын түсіндіруде имамдар мен теолог ғалымдардың үлесі зор. Қуанарлығы, қазіргі кезде имандылық
жолына қарай бет бұрған жастар көбейді. Десе, де уақытында жат ағымның жетегінде кеткен қазақтың қара домалқ баласы мен қара көз қыздары білместікке салынып, жат ағымның жетегінде кеткен еді.
           Бүгінде түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен жұмысты жандандыру әрі жат ағымның жетегінде кеткендермен тығыз байланыс орнатып, оларды дәстүрлі дінімізге бейімдеу жауапкершілікке толы маңызды іс. Осы орайда, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен және қатысуымен  Рамазан айының қарсаңында «Берекелі айдың қасиеті» атты акция аясында сәуір айының 6-жұлдызында Қарағанды облысына қарасты барлық қала және аудандан мешіттерінің имамдары 10 түзету мекемесінде кездесу ұйымдастырды. Оның тоғызы Қарағанды шаһарының маңында болса, тағы бір мекеме Жазқазған қаласында орналасқан. Осындай ауқымды өткен кездесудің бірі Қарағанды қаласындағы АК 159-1 түзету мекемесінде жалғасты. Кездесуге Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Ғ.Ә.Такешев, облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, "Әнет баба" мешітінің  наиб имамы Асылхан Нұртайұлы, Қарағанды облысы бойынша сотталғанның арасындағы білім беру және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің инспекторы Бекзат Есенбеков,Қарағанды облысы дін істері басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Садуов  қатысты. Кездесу барысында  барысынжа жазасын өтеушілерге қасиетті Рамазан айының құндылықтары мен қасиетін түсіндіріп, тыңдаушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Аталмыш шара барысында ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы мақұлдаған екі кітап мекеме кітапханаларына табысталды. Берекелі айда жүзеге асқан маңызды шараны алдағы уақытта жиі ұйымдастыру жоспарға алынды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары