Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Балқаш қалалық әскери комиссариатында "Ихсан іліміне" катысты кездесу өтті
09 сәуір, 2021 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты Балқаш қалалық әскери комиссариатта кездесу өтті. Кездесуге арнайы келген Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы Валиев Ахмадулла қонақтарды ең әуелі Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтап, тыңдармандардың  ораза жайлы қойған сауалдарына  жауап берді. Берекелі айдың құндылығы мен қасиеті жайлы уағыз-насихат айтты. Сондай ақ, ҚМДБ-ның тарапынан қабылданған "Ихсан ілімі" бағыты бойынша уағыз-насихат айтып, ілімінің мән мағынасын ашып түсіндірді. Сөз соңында  мұсылман жұртшылығын  Рамазан  айында ұстаған оразалары, берген пітір садақалары, ізгі амалдары мен істеген құлшылықтарының қабыл болуы үшін Алладан дұға тіледі. Қатысушылар да  имамға қойған сауалдарына тұщымды жауап алғандарына  алғыс айтып, дән ризашылықтарын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары