Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешітінде шәкірттерге сертификат табысталды
03 сәуір, 2021 жыл 405 Басып шығару нұсқасы

Теміртау орталық мешіт шәкірттеріне сертификат табысталды
 
​Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты шәкірттерге сертификат табыстау рәсімі өтті.
 
​«Құран – мәңгі мұғжиза» атты шара шымылдығын Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы ашып, жиналған қауымға дініміздегі білім алудың мән-маңызы туралы айта отырып:
 
​«Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде білім үйренудің маңыздылығы туралы айтылған. Сіздер алған білімнің екі дүниелік пайдасы бар екенін ұмытпаңыздар. Алла ұстаздарыңызға және сіздерге разы болсын», деді.
 
​Биылғы жылы діни сауат ашу курсының оқу бағдарламасын 23 шәкірт тәмамдап, оның 11 –  І дәрежелі, 12 – ІІ дәрежелі сертификаттарға ие болғанын атап кеткен жөн. Фарида Әбдірахманованың ұстаздық етуімен өткен онлайн форматтағы дәрістер кезінде, ақ жаулықты қыз-келіншектер діни сауатын ашып, Құран оқуды үйренді.
 
​Ескерту: Аталмыш іс-шара барлық санитарлық шаралардың қатаң сақталуымен өтті.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары