Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қазбек би» мешітінің имамы Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен семинар өткізді
02 сәуір, 2021 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

 

«Байлық, байлық емес - бірлік байлық»,- деп бірлікті ту еткен тәуелсіз елміз.  Десе де, жастар арасында белең алған жат-ағым мәселесі ешкімді бей-жай алаңдатпай қоймайды. Осы орайда ҚМДБ-ның тарапынан түрлі тапсырмалар мен жобалар алға қойылып, үлкен жоспарлар іске асып келеді. Осындай шараның бірін Қарағанды облысына қарасты «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы Қаражал қаласына барған қызметтік іс-сапарында ұйымдастырды.  Ондағы жергілікті Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен арнайы семинар өткізді.

Семинар барысында  жиынға қатысушыларға семинардың мән-мақсаты мен маңызын түсіндіре келе шараны ұйымдастырудағы басты мақсат диструкивті діни ахуалға жол бермеу, жастардың дұрыс бағыттағы дінді ұстанып, ешкімнің жетегінде кетпей дұрыс жүруіне жағдай жасау екендігін тілге тиек етті. Деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастарды қоғамға қайтару үшін атқарылатын әдіс-тәсілдер талқыланды.

Сондай-ақ, қоғамда толерантты таза  діни саланы қалыптастыру мен радикалды идеологияға қарсы күресті күшейту жөнінде,ұтымды ұсыныстар айтылды.   

 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары