Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарқаралы ауданында «Зекет» парызы насихатталып қайырымдылық жасалды
02 сәуір, 2021 жыл 401 Басып шығару нұсқасы

Алланың елшісі (ﷺ) өзінің хадистерінде зекеттің Ислам дінінің ең басты парыздарының бірі екендігін баса айтып өткен. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алланың елшісі (ﷺ) былай деген: «Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді». Мүслім риуаят еткен.

Алла Тағала берген мал-мүліктің зекетін, садақасын беру әрбір мұсылман үшін міндетті іс болып саналады.

Мұсылманның осы бес парызының бірі Зекетті насихаттау жұмысы бойынша ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша «Зекет» қорының жауапты өкілі Джаримбетов Мұхит және қайырымдылық жұмыстарының облысымыз бойынша жауапты маманы Мирас Ерланұлы арнайы қызметтік іс-сапар бойынша Қарқаралы ауданына ат басын бұрды. Облыстық «Әнет баба» мешітінен арнайы келген мамандарды «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов қарсы алды. Сапар барысында жергілікті кәсіпкерлер мен мал шаруашылығы мамандарын,базарларды, дүкендер мен т.б нысандарды аралап, Зекет парызын насихаттау мақсатында  кітапшалармен бүктемелерді таратты. Бұл кітапшаларда зекет жайлы мәліметтер, нисап мөлшері, реквизиттер, сұрақ-жауап алу үшін электронды пошта мен байланыс нөмірі көрсетілген.

Сондай-ақ, игі сапар барысында аталмыш аудандағы көмекке мұқтаж, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отыз отбасына азық-түлік үлестіріліп, қайырымдылық шарасы жүзеге асты. Осындай берекелі істі ұйымдастырушыларға жергілікті халық үлкен алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары