Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Бараат түні» құрметіне орай қарттарға ақ дастархан жайылды (фото)
30 наурыз, 2021 жыл 488 Басып шығару нұсқасы

Бір ғұлама: «Мұсылмандардың екі мейрамы бар секілді, періштелерде де екі мейрам бар. Періштелер мейрамдары – «Бараат түні» мен «Қадыр түні»,-деген екен. Осы қасиетті Шағбан айындағы «Бараат» түнінің құрметіне орай қарияларға құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылып, қайырымыдылық шараса болып өтті. Игі шара ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей және «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен жүзеге асты.                                                                                  Шара барысында ата-ананың қадірі жайында уағыз-насихат айтылып, Шағбан айы мен алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына қатысты сұрақтарға жауап берілді. Берекелі дастархан басында Құран оқылып, Түймебай есімді қария ата өз батасын берді. Осындай берекелі істі ұйымдастырған Қарағанды обылстық «Әнет баба» мешіті қызметкерлеріне қарт аналар мен ақсақалдар үлкен алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары