Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қазыбек би» мешіті: Жас шәкіттерге ерекше көңіл күй сыйлады
29 наурыз, 2021 жыл 412 Басып шығару нұсқасы

Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті, әрі негізгі мәселенің бірі ол – бала тәрбиесі. Бала біздің ұрпағымыз, болашағымыз, жалпы мемелекеттің болашағы, іргетасы. Болашағымызға аса жауапкершілікпен қарау біздің кешегі, бүгінгі, болашақтағы ең негізгі жауапты міндетіміз. Осы міндетті орындау барысында, бала тәрбиесінде Ислам дініндегі негізгі қағидалар мен ұстанымдарға сүйенсек, адал, әрі еңбекшіл жастарды тәрбиелейтінімізге күмәніміз жоқ. Себебі нақтылы Ислам дінінің қағидаларын ұстанған адам адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре өсетіні анық. «Ел болам десең - бесігіңді түзе» - деп, қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Осыған бірден-бір мысал: Зере әжеміздің Құнанбайды дәретсіз емізбегені. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Осындай үлкен тәрбие ошағының бірі Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешіті десек болады. Бабамыздың есімімен аталған қалалық мешітте бүгінде Ислам нәрімен сусындап, ізгі тәрбие алып келе жатқан жас жеткіншектер саны жетерлік. Болашақ жас қарилар да осында. Аталмыш мешіттің имамы Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен оларға жан-жақты білім берліп, түрлі іс-шараларға баулу жұмыстары да жүргізіліп келеді. Алланың қасиетті сөзі Құрани Кәрімді үзбей жаттап, дәрістерге тұрақты қатысып жүрген жеткіншектерді сергіту мақсатында ойын-сауық орталығына апарып, шәкірттеге ерекше көңіл күй сыйлады. Осындай шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына ата-аналар үлкен алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары