Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы «1-Қарағанды» арнасында сұхбат берді
16 наурыз, 2021 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Баршамызға мәлім, ҚМДБ биылғы жылға еркше серпін беріп, арнайы «Жеті бағыт жобасын» алға қойған болатын. Сонымен қатар, «Ихсан ілімі» жобасы бойынша да еліміздің барлық өкілдіктерінде қарқынды түрде насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.   Осы аталған бағыттар мен жобалар бойынша облысымыздың тынысынан хабар беру мақсатында   бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бас  имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жергілікті «1-Қарағанды» арнасында арнайы сұхбат берді. Сүбелі сұхбат барысында өңіріміздің жеті бағыт бойынша атқарылып жатқан шараларға жеке-жеке тоқталып, қазіргі діни ахуалдан хабар берді.                                                Сондай-ақ, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әлеуметтік желідегі дәрістер мен уағыз-насихаттардың көптеп өтуіне діни басқарма тарапынан үлкен басымдық берілгенін тілге тиек етті. Әңгіме барысында еліміздің егемендігінің отыз жылдығы аясында жеткен жетістіктер мен жобалар талқыланып, болашақта да өңіріміз үлкен мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізу үшін қарқынды қызметке қазірден бастап білек сыбанып кірісіп кеткенін айтып өтті

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары