Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
12 наурыз, 2021 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
 
Теміртау орталық мешіті тарапынан ізгі шара ұйымдастырылды. Түрлі қауіпті індеттермен күресте алдыңғы шепте жүріп, адам жанының арашасы болып табылатын ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету мақсатында, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері жергілікті медицина қызметкерлеріне сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын табыстады.
 
«Асыл дінімізде адам өмірі ең үлкен құндылық екені белгілі. Осы ретте сіздер сырқатқа шалдығып, денсаулығына байланысты қиындыққа тап болған кісілерге әрдайым қол ұшын беріп келесіздер. Тіпті өз өмірлеріңізді де қауіп-қатерге қоясыздар. Қасиетті Құранда кім біреуді өлімнен құтқарса, барлық адамды құтқарғанмен тең екендігі айтылады. Сол себепті сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар!», - деді Естай Айтуғанұлы.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары