Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Ақниет» оңалту орталығы: «Жусан» операциясымен оралғандармен кездесу өтті .
26 ақпан, 2021 жыл 532 Басып шығару нұсқасы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қамқорлығымен, мемлекетіміздің қолдауымен бастау алған «ЖУСАН» операциясы  президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының жалғастыруымен бесінші мәрте жүзеге асырылып, біршама қандастарымыз елге қайтарылған болатын. Осы орайда,  Жезқазған қаласында "Ақниет" ақпараттық насихаттау жəне оңалту орталығының ұйымдастыруымен, теолог мамандардың қатысуымен «Жусан» операциясы бойынша елге оралаған әйел жамағатымен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында мамандар кезінде жат ағым жетегінде кетіп, қателікке бой алдырған жандармен оңалту жұмысын жүргізді. Жезқазған қалалық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Омаров Нұрперзент Еламанұлы отырысқа қатысушы жандарға уағыз-насихат айтып, Жезқазған қаласында жаңадан ашылған медресе қабырғасына шақырып, арнайы сауат-ашу курстары мен дәріс алуға шақырды. Арнайы ұйымдастырылған шара барысында кездесуге қатысқан әйелдер мен жас жеткіншектерге киім-кешек пен қажетті заттар үлестіріліп, қайырымдылық жасалды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары