Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Саран қаласында «Ихсан» іліміне қатысты жастармен кездесу өтті
26 ақпан, 2021 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы Саран қаласындағы "Абай Құнанбаев" атындағы жоғары гуманитарлы техникалық колледжінде «Ихсан ілімі – кемелдену жолы» атты тақырып аясында студенттермен кездесу болып өтті. Іс шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен арнайы келген наиб имамдар Қоныскерей Құмар және Асылхан Нұртайұлы, Саран қалалық мешітінің имамы Салиқов Мұхамедқали Сапарғалиұлы отырыс барысына студетттерге тәрбие – танымдық бағыттағы уағыз – насихаттарын айтып, жастардың тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Ата-ананы құрметтеу, кішіпейілділік, көркем мінез бен үлкенге ізет тақырыптары кеңінен қозғалды. Сонымен қатар аталмыш жиынға Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы техникалық колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы қатысып, облыстан келген қонақтарға өзінің алғысын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары