Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде тұсау кесу рәсімі өтті (фото)
22 ақпан, 2021 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

Әр халықтың өзіне тән ұлттық тәрбиесі бар. Сол секілді қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – тұсаукесер тойы. Шілдехана-бесік тойдан кейін сәби өмірінде ерекше аталып  өткізілетін салттың бірі – тұсаукесер.
Ер көңілді, жаны жомарт қазақ ұрпағының жолынан ешнәрсесін аямаған. Ұрпағы таршылық, тапшылық көрмесін, бай-бақытты молшылық ғұмыр кешсін, көңілі дарқан даладай, текті, жетелі, ел-жұртына сиымды, бауырмал, қадірлі, қайырымды көпшіл азамат болсын деген ата-ана алғашқы қадамын майлап, тұсауын кестіруді өз борышы санаған.

Алғаш қадам басуға талпынған кішкентай бөбегінің тұсауын мешітте кесуге ниеттенген Алгашбаев Қайырғали ат басын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне бұрды. Осылайша ата-бабамыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрін қасиетті Алланың үйінде жүзеге асырды. Берекелі шарада қаз-қаз басқан баланың тұсауын Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің дін қызметкері Абильдаев Бақдаулет  Кидирбаевич және облыс наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы кесіп, өздерінің ақ тілегі мен баталарын берді. Тұсау кескен жанның кәде сыйы ретінде қуаныш иелері Бақдаулет Абильдаевқа шапан жауып, ризашылықтарын білдірді.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз өз жалғасын таба берсін. Өмірге жаңадан қадам бақсан бүлдіршіндеріміз ертеңгі ел болашағының алтын көпіріне айналып, текті еліміздің тұғыры биік азаматы мен азаматшалары болсын. Әмин!

Назира Байназарова

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары