Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: «Жат ағымның алдын-алу жолындағы әдіс-тәсілдер» атты семинар
11 ақпан, 2021 жыл 191 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде аймаққа қарасты барлық қала, аудан имамдарының және діни оңалту жұмысына қатысты мамандардың  қатысуымен семинар  жиыны болып өтті. «Жат ағымның алдын-алу жолындағы әдіс-тәсілдер» атты семинар барысында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы биылғы жылға діни басқарма тарапынан беркітілген жеті бағыттың діни оңалту бөліміне аса басымдық беру маңызға ие екенін тілге тиек етті Семинар барысында діни оңалту бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Нұртайұлы жиынға қатысушыларға семинардың мән-мақсаты мен маңызын түсіндіре келе,  осы салада облысымыз бойынша нәтижелі көрсеткішке қол жеткізген Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы, РАНТ - ның мүшесі Жанболат Хошкелдіұы өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, жат ағымның алдын- алу үшін атқарылатын шаралар мен оны жүзеге асырудың  бағыт-бағдары түсіндірді. Алдағы уақытта осы бағыт бойынша облыстың барлық аймақтарында діни оңалту жұмысын қарқынды түрде жүзеге асыру қолға алынып, нәтижелі көрсеткішке ие болу мақсатқа алынып отыр.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі   

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары