Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ақтоғай ауданына жаңа имам тағайындалды
08 ақпан, 2021 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтоғай аудандық мешітінің имамдық қызметіне Рысбай Асыл Көкешұлы тағайындалды.

Ақтоғай ауданына іс-сапармен барған облыс наиб имамы Хумар Қоныскерей қасиетті жұма күні жергілікті жамағатпен кездесіп, жаңа имам Асыл Көкешұлын  таныстырып, өңірдегі діни ахуалды тұрақты сақтап, атқарылып жатқан жаңа бастамалар, жоспарларды талқылады.    

Бұдан кейін, аудан ақсақалдары мен барша жамағаттың алдында   имамдық қызметті абыроймен атқарған Ардақ Әділханұлына алғысын білдіріп, қызметке жаңадан  тағайындалған имам Асыл Көкешұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Рысбай Асыл Көкешұлы

Туған күні: 15.08.1993

Туған жері: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы

Білімі:

-Әбу Бәкір Сыддық медресесі 2012-2015 жылы

-Ислам институты №00959

-Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи университетінің де тәлім алған

-Түркия мемлекеті Болу қаласында Egitim merkezinde білімін жетілдірген.

Еңбек өтілі:

-2015-2016 ж Павлодар қаласы,Бейжан қалалық мешітінің ұстазы

-2016-2017ж Қарағанды қаласы,Саран қалалық мешітінің ұстазы

-2017-2018 ж Қарағанды қаласы,Шет ауданның Жанғұтты би мешітінің ұстазы

-2018-2019 Абай қалалық мешітінің наиб имамы

-2019-2020 ж Қарағанды қалалық «Әл-машани» мешітің наиб имамы.

Қосымша қабілеттері:

-Құраннан бес пара жаттаған

-Түзету мекемесінде екі жылдық тәжірибесі бар.

-Му’минун  және Ихсан студияларының негізін қалаушы, 3-жылдық студиялық тәжірибесі бар.

Жетістіктері:

-«Оң ғасыр жырлайды» кітабын толық жаттаған.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары