Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ: ҚМДБ «Қайырымдылық жаршысы» атты қайырымдылық марафоны өтті(фото)
15 қаңтар, 2021 жыл 536 Басып шығару нұсқасы

Әлемді жоқтан бар еткен Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын және адамдардың асылы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлемдер болсын!

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Алла елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. ҚМДБ-ның бастамасымен  2020 жылда көптеген игі істер мен қайырымдылық бағытындағы шараларды жүзеге асырыл

ған болатын. Осы шарапатыты һәм сауапты істердің жалғасы ретінде Қазақстан мұсымандары діни басқармасы жаңа 2021 жылды  қайырымдылық істеріне басымдық қою мақстанда «Тайқазан» жобасын алға қойды.

         Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлның бастамасымен  «Қайырымдылық жаршысы»  атты бір уақытта басталған ауқымды республикалық қайрымдылық марафоны бүгін Қарағанды облысында жүзеге асты. Игі шара барысында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  «Тайқазан» қайырымдылық жобасы бойынша ұйымдастырылып жатқан берекелі шараның мән - мақсатын келген жамағатқа түсіндіріп, Өзінің өзек жарды тілегі мен уағыз насихатын айтты. Облысымызға қарасты барлық қала, аудан, ауылдар толығымен қамтылған шарада Көмекке мұқтаж, әлеуметтік қолдауға зәру  жандарға азық-түлік үлестірілді.  Жалпы облыс бойынша 280 отбасы қамтылса, облыстық «Әнет баба» мешітінде   65 жанұяға  азық-түлік үлестірілді.

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің, -  демекші Алла Тағалақандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйын еселеп жазғай! Ұлы Жаратушы  осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары