Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ АРТА ТҮСТІ »
29 желтоқсан, 2020 жыл 141 Басып шығару нұсқасы
  • Ақжігіт Оразалыұлы, әңгімемізді өзіңіз қызмет етіп жүрген ақпарат бөлімі төңірегінде өрбітсек, алдымен, БАҚ арқылы бүгінгі буынды тәрбиелеудің маңызы мен мәнін айтып өтсеңіз.

Бисмиллаһир рахманир рахим. Бүкіл әлемнің жаратушысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын. Екі дүние сәруәрі Мұхаммед пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын!                                                   Бүгінде медиа адамзат өмірінің маңызды бір бөлігіне айналды. Жалпы, ХХІ ғасырда кез келген ұлттың барлық салада, әрине, білім саласын есепке алғанда, медиа­сыз әлеуметтік-мәдени тұрғыдан қарқынды дамуы да мүмкін емес. Орташа есеппен қазір адамдар күніне алты сағат уақытын медиамен байланысқа арнайды. Сондықтан, қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы болашақ жас өркенге тәрбие беретін ата-анадан кейінгі екінші орында дер едім. Осы орайда, қазіргі ғаламтор арқылы жас өркеннің бойына тәрбиелік мәні зор дүниелерді сіңіре білу керек.

 

  • Биылғы ел басына төнген уақытша сын сағатында әлеуметтік желілердің маңызы артты. Жамағатпен дәстүрлі түрде байланыс орнатып үйренген дін қызметкерлеріне онлаин уағыз - насихат пен дәрістер жүргізу барысы қиындық туындатпады ма? Сіздің осы үрдіске көз қарасыңыз?

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша  карантин уақытында уағыз-насихат пен дәрістер жергілікті әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді.  Тікелей эфир арқылы жамағатпен тұрақты түрде байланыс орнатылды. Бұл үрдіс қызмет барысында ешқандай қиындық пен кедергі туындатқан жоқ. Керісінше, әлеуметтік желі арқылы рухани құндылықтар мен діни дәрістердің, ғибаратты онлаин насихаттар мен уағыздардың маңызы артты. Діни басқарманың арнайы тапсырмасы арқылы жүзеге асқан бұл үрдіс  халықтың да көңілнен шығып, сұранысы артты. Онлаин дәрістерге қатысушылардың саны көбейді. Сондықтан, қазіргі уақытта жамағатпен байланысты әлеуметтік желі арқылы орнату ең тиімді әдіс дер едім.  Осы уақытқа дейін аймағымызда әлеуметтік желі арқылы 1330 мәрте онлаин сұхбаттар мен онлаин дәрістер жүргізілді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты ресіми www.ihsan.kz сайтына діни басқарма тарапынан берілген тапсырмалар қаншалықты деңгейде жүзеге асты? Облыстың, жалпы ақпарат бөлімінің бір жылдық жұмыс барысына бір шолу жасап өтсеңіз?

Биылғы 2020 жылы облысымызға қарасты ресіми www.ihsan.kz сайтына ҚМДБ-ның тарапынан келген барлық тапсырмалар мен жобалар жоғары деңгейде жүзеге асырды. Ғаламтормен жұмыс барысында сайттағы әрбір ақпарат бөлімі жүктелген қызметін оң көрсеткіште орындап шықты. Атап айтқанда жыл басынан бері 535 мақала, 750 жаңалық жарияланды. Сайттан күнделікті  8000-9500 адам ақпарат оқыса, бір жылдық қаралым көрсеткіші 1 018 118 құрады. Жергілікті баспа беттерінде 294 мақала жарық көрді. Теле арналарда 41 мәрте уағыз-насихат пен сұхбат жүргізілді.

Жыл басынан бері атқарылып келген шараларды қорытыдылаған жылдық есеп барысында Қарағанды облысына қарасты ресіми www.ihsan.kz сайты барлық облыстармен қатарласып,  нәтижелі көрсеткішке ие болды. Әрине,  мұның барлығы мамандарымыздың, аймағымыздағы дін қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкершілігі мен қажырлы еңбегенің арқасы.

  • Алдағы 2021 жылға құрған қандай тың жобалар мен жоспарларыңыз бар?

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен келер жылға бірнеше жоспар құрылды.  Қазір барлық қызмет медия саласы арқылы жүзеге асып жатқандықтан, алдағы 2021 жылдың алғашқы күнтізбесіне облысымызға қарасты аудан, қала мешіттеріне семинар-тренинг өткізу жоспарға алынды. Аталмыш семинар-тренингте дін қызметкерелеріне әлеуметтік желіде жергілікті парақшаны қалай жүргізу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, әрбір аймаққа өзіне тиесілі ресіми парақша ашып, соған жауапты маманды бекіту мәселесі талқыланатын болады. Келесе жоспардың бірі ресіми  www.ihsan.kz   сайтының қызметін студия түріндегі нұсқасына көшіріп одан әрі дамыту және медия саласына басымдық беру. Әрине, келер жылға қойлған жоспарлар мұнымен тоқталып қалмақ емес. Алла қаласа, ҚМДБ-ның тапсырмасына сай алдағы уақытта тағы көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарда.

  • Әлеуметтік желі мен ғаламтордың қазіргі жастарға пайдасы бар ма?

Қазіргі таңда әлемде ғаламторды пайдаланушылардың саны кемде кем шығар. Айналаңызға бір сәт назар аударып көріңізші. Көшеде, қоғамдық көлікте ұялы телефонға үңілмейтін жан өте сирек. Әсіресе, «Әлеуметтік желі» қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Әр нәрсенің екі жағы бар демекші, ғаламтор  да  адамзатқа оң және кері әсерін тигізеді. Бір өкініштісі көп адамдар әлеуметтік желідегі ақпараттың барлығын дұрыс деп есептейді. Ол жерде не жазылады соның бәрі ақиқат, шынайы деп ойлайды. Негізі бұл өте қате түсінік. Әр нәрсені өзінің тиісті маманынан сұрап,білген,  үйренген абзал. Ең бастысы әлеуметтік желіге салқынқанды, сауатты қараған дұрыс.  Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық! Жастар шынайы өмір виртуалды өмірден әлдеқайда жақсы екенін ұмытпауы керек.   

 

  • Мотивацияны қайдан аласыз?

«Әкелі бала жаужүрек – тастан да өткізер жебесін!» деген екен Бұқар Жырау бабамыз. Мен мотивацияны әкемнен аламын. Әкемнің айтқан әрбір жігерлі, батыл сөзі үнемі мені шыңдап, шымырландырып отырады. Бойға қуат, ойға азық беретін де- әкемнің тағылымы. Білім жолында білікті, өмірде салауатты болуым да әке тәлімінің әліппесінен басталды десек, аз-кем жетістікке жетуім де, сол биік қамқоршымның арқасында деп түсінемін.  

 

  • Қазіргі жастарға айтар тілегіңіз

Жастарға Абай атамыз айтқандай : «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тілеймін. Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендету жолында жұмсап, ел тізгінін ұстайтын  жастарымыз көп болсын! Алла Тағала жастарымыз арқылы халқымызды , бай-қуатты әрі иманы күшті елге айналдырсын! Ұлы Жаратушы баршамыздың жасаған қайырлы амалдарымызды қабыл етіп, Өзіне лайықты құл, пайғамбарына лайықты үмбет болуды нәсіп еткей! Әмин!

Сұхбатыңызға рахмет!

                                                                     Сұхбаттасқан Назира Байназарова

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары