Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс имамдары Тұңғыш Президенттің тарихи – мәдени орталығына экскурсия жасады (фото)
24 желтоқсан, 2020 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

Кемеңгер тұлға Бұқар жырау Қалқаманұлының «Ел иесі құт болса, халық ала болмайды» деген сөзі бар. Елбасымыз – қазақ елінің құты. Оның парасатты саясатының арқасында әлем таныған мемлекетке айналдық. Осындай ұлы тұлғаның қалыптасуы жолында Қарағанды облысы ерекше орын алады. Әсіресе, Теміртау қаласында Елбасымыздың қолтаңбасы сайрап жатыр. Қарағанды металлургиялық комбинатынан бастап, Мәдениет үйі, спорт кешені тәрізді маңызды нұсандардың барлығының құрылысына Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Бұл нысандар бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы  Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен облыс имамдары Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи – мәдени орталығына экскурсия жасады. Киіз үй бейнесінде тұрғызылған ғимараттың қабырғасы  2011 жылы бой көтерген.  Орталық 6 көрме залынан тұрады: «Уақыт ағымында», «Қазақстан жолы», «Қазақстан құрыш келбеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Тұлғаның ерен қабілеті», «Өз заманының перзенті». Мұнда Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына елдің ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсететін ғылыми-зерттеу жұмыстары, түрлі іс-шаралар жүргізіледі. Соның бірі, бүгінгі өткен облыс имамдарының жылдық төралқа жиыны.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысыбойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары