Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Имамдар Хазреттің арнайы «Қазақтан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл” мерекелік медальімен марапатталды (фото)
24 желтоқсан, 2020 жыл 97 Басып шығару нұсқасы

   Бүгін Қарағанды облысы имамдарының бір жылдық қорытынды төралқа жиналысында  облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан имамдарды ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолтаңбасы қойылған арнайы  «Қазақтан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл” мерекелік медальімен марапаттады. Атап айтқанда, Төлтаев Ербол Мұқанұлы, Мукаев Аманбол Рымқұлұлы, Ақпаров Қондыбай Серікбайұлы және де Қоныскерей Құмарұлының еңбегі еленіп, үлкен алғысқа бөленді. Осыншама жыл дін саласында қызмет ету үлкен еңбек әрі жетістік.  Осы орайда еңбегі еленген дін қызметкерлеріне облыс бас имамы Өзінің өзек жарды тілегін білдіріп, үлкен алғысын айтып, құтықтау сөзін айтты. Сондай-ақ, имамдардың алдағы қызметіне берекелі жеміс тілеп, алдағы жылға сәттілік тіледі. Осындай құрмет пен алғысқа бөленген облыс имамдары ҚМДБ-ның төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына және облыс имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысыбойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары