Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары жылды қорытындылады (фото)
24 желтоқсан, 2020 жыл 310 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласында орналасқан «Тұңғыш Президент музейінде» Қарағанды облысы имамдарының алқалы жиыны өтті.

Теміртау қаласында орналасқан «Тұңғыш Президент музейінде» Қарағанды облысы имамдарының алқалы жиыны өтті.

Аймақтың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен өткен қорытынды жиында өңір мешіттерінің ҚМДБ тарапынан берілген тапсырмалар бойынша бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасалып, нәтижелері бағаланды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі биылғы жылды жемісті аяқтады. Діни басқарманың  30 жылдық мерейтойы аясында бірнеше мешіт жөндеуден өтіп, бірқатар аймақтарда бұлақ көздері ашылып, жол мен көпір салынды. Олжас Есенұлы атындағы қайырымдылық орталығынан екі бірдей қари шыңдалып шықты. Сегіз шәкіртке білім гранты берілді. Екі пәтер үлестірілді.

Пандемия уақытында көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылса, офлайн (карантинге дейін) және онлайн уағыз-насихат жұмыстары жүргізіліп, дәрістер өткізілді. Жат ағыммен күрес бағыты бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылып, діни мамандандырылған білікті кадрлар қатары толықты.

Жиын барысында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан имамдарды ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолтаңбасы қойылған арнайы  «Қазақтан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл” мерекелік медальімен марапаттады. Атап айтқанда, Төлтаев Ербол Мұқанұлы, Мукаев Аманбол Рымқұлұлы, Ақпаров Қондыбай Серікбайұлы және де Қоныскерей Құмарұлының еңбегі еленді. Сондай – ақ, биылғы жылдың сынға толы қиындықтарына қарамастан асыл дініміздің насихатталуы мен ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен дін қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, өкілдік тарапынан дайындалған «Үздік имам», «Белсенді имам», «Үздік қаламгер” номинацияларын табыстады. Сондай ақ, жауапты һәм сауапты қызметін көп жылдан бері сапалы әрі тиянақты орындаған ардагер имамдар алғыс хатпен марапатталады. Сонымен қатар, мешіттің ішкі сыртқы қызметімен айналысы жүрген мамандар мен ауыл имамдары да арнайы марапатқа ие болды. Жиын барысында облыс имамдары  Елбасының еңбек жолы басталған Теміртау қаласындағы ҚР – ның Тұңғыш Президентің мәдени тарихи орталығындағы арнайы экскурсияға қатысты. Жылдық төралқа жиынына қатысқан дін қызметкерлеріне арнайы дастархан жайылып, Құран оқылып, облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы батасын берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары