Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірілді (фото)
24 желтоқсан, 2020 жыл 364 Басып шығару нұсқасы


Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер» деген. («Хаж» сүресі, 77-аят),  «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят) деген
Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Қолыңнан келсе қолқабыс бол» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Игі шара барысында шаһарымызды қалың қардан тазартып, мол сауапқа толы қызмет атқарып жүрген тазалықшыларға  ысық ас үлестірді. Нақтырақ айтқанда, 10 кг палау, 6 литр ыстық шай үлестірілді. Игі шарада жетпіс адам қамтылды.
Қайырымдылық асыл қасиет. Осындай игі әрі берекеті мол шараны ұйымдастырған дін қызметкерлеріне қала тазалықшылары үлкен алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары