Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Асия» ЖК «Улан» ет дүкеніне халал сертификаты берілді (фото)
18 желтоқсан, 2020 жыл 634 Басып шығару нұсқасы

Ислам дінінде әр мұсылман халал мен харамға көңіл бөлуге міндетті.
 Қарағанды шаһарындағы  «Асия» ЖК «Улан» ет дүкеніне «мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал» өнімдерін өндіруге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігін растаитын куәлік берілді.                                            Дүкен Бауыржан Момышұлы 24 мекен-жайында орналасқан.  ҚМДБ-ның  өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов мекемеге тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. 
«Адал асты іздеу – әрбір мұсылманның міндеті». Осындай сауапты да берекелі кәсіпті бастаған кәсіпкерлерге еңбекте жеміс тіледік. Амин

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары