Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Раян» дәмханасы халал сертификатын жаңартты (фото)
18 желтоқсан, 2020 жыл 409 Басып шығару нұсқасы

Шаһарымызда орналасқан «Раян» дәмханасының асханасы тұтынушылардың  сұранысына ие. Аталмыш дәмхана келген қонақтарына тағамның түр-түрін ұсынып, жоғары бағаға ие болып отыр. Дәмхананың барлық қызметі шариғат талаптарына сай жүзеге асып келеді. Аты аталған осы мекемнің жұмыс барысын қайтадан тексерістен өткізуге «Халал Даму» ЖШС Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов  арнайы бақылау жұмыстарын жүргізіп, дәмхананың сертификатын жаңарту мақсатында   өнімдердің құрамы, асхананың өндірістік жабдықтары, зертханасы, шикізат базасы мен ішкі тазалығын тексерді.  Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді. Алдағы уақытта «Хасенова Г.С» ЖК «Раян» дәмханасына асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз!

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...» –деген. Дастаханымыз адал асқа толы, берекелі де мол болсын!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойына баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары