Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Төлеутай ата» мешітінде қайырымдылық шара жүзеге асты (фото)
08 желтоқсан, 2020 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.

Алла Тағала: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер» («Хаж» сүресі, 77-аят)«(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят) деген. Бүгін Қарағанды облысына қарасты Октябрь ауданында «Төлеутай ата» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жүзеге асты. Аймақтың көмекке мұқтаж, жағдайы төмен  отбасына азық-түлік үлестіріліп, жәрдем көрсетілді. Игі шара мешіт жамағаты мен жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асты. Жаңа мешіттің алғашқы тынысын қайырымдылық шараларын іске асырумен бастаған мешіт имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы осындай берекелі бастамаға қолдау көрсеткен жандарға үлкен алғысын білдірді. Октябрь ауданында қайырымдылық шара мұнымен тоқтамақ емес.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары