Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ЖК «Anuar aspaz» ет өңдеу және сату мекемесі халал сертификатын иеленді (фото)
20 қараша, 2020 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Ежелден қазақ аспаздығы өзіндік технологиямен ерекшеленеді. Қазақ халқының тұрмыстық ерекшелігі тағам даярлау әдісіне де өз ізін қалдырды. Малды сою кезінде оны сақтауға тырысты, ол үшін етті тұздаған, қақтаған, кейде ыстаған. Жылқы етінен дайындалған-қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б. түрлі дәмді ет тағамдары күні бүгінге дейін жалғасып, әр қазақтың дастарханынан үзілмей келеді. Осы дәстүрлі тағамымыздың ежелгі мәзірін қайта қолға алып, жандандыру мақсатында қызмет етіп жатқан  «Жумадильдин Ануар Бакытбаевич» ЖК «Anuar aspaz» ет өңдеу және сату мекемесі халал сертификатын иеленді. Мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы бойынша өкілі өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізді. Күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. 
Тексеріс нәтижесінде «Anuar aspaz» ет өңдеу және сату мекемес «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталды. Арнайы сертификатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы бойынша өкілі Ысқақ Абдрахманов мырза табыстады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары