Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Жанқұтты би» мешітінде діни ахуал тұрақты
19 қараша, 2020 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей басқару-бақылау бойынша қызметтік іс-сапармен Шет ауданы Жанқұтты би мешітіне арнайы ат басын бұрды. Қызметтік сапар барысында аталмыш ауданға қарасты мешіттердің қызмет барысы, дін қызметкерлерінің жұмысы, қысқы дайындығы пысықталды. Жалпы Шет ауданы бойынша 17 мешіт бар. Барлығы ҚМДБ-ның филиал болып тіркелген. Биыл Жанқұтты би мешітінің алдына көлік қоятын жерге аудан әкімінің қолдауымен 800кв.м асфалть төселді. Халықтың демеушілігінің арқасында мешіт күрделі жөндеуден өтіп, бес миллион теңге қаражат жұмсалды. Сондай-ақ,Мұсаханов Бауыржан есімді кәсіпкер азамат ер және әйелдер дәретханасының жаңартылуына демеушілік етіп, унитаз,раквина,крандар мен есіктерін жаңадан ауыстырып берді.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары