Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Дін-ғылымның атасы» облыс наиб имамы Асылхан Нұртайұлы жергілікті арнада сұхбат берді
16 қараша, 2020 жыл 51 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы жергілікті 5 арнада арнайы бағдарламаға қатысып, «Дін-ғылымның атасы» тақырыбында сұхбат берді. Оның ішінде Құран Кәрімнің кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтылып кеткенін баяндап, оған қасиетті Құран аяттарынан мысалдар келтірді. Мысалы: «Хижр» сүресінің «Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сусындандырдық…» деген аяты жаңбырдың жаууында, желдің тозаңдандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды. Зерттеушілердің теңіз суының ерекше қасиетіне байланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:

«Алла Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір-бірімен араласпайды». Сұхбат барысында әлемге еңбегі сіңген ғалымдардың да Құран ілімдеріне бас иіп, Ислам діні ілімдердің атасы екенін бір ауыздан мойындағандарын айта кетті. Мәселен, C.Харт  Құранның Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уахи арқылы жіберілгендігін, Жан Поуль Роул Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберілген Құран Кәрім екендігін, Виктор Имбердес Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола алатындай бай кітап екендігін, Доктор М. Букайле Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын, Родвел Құранды оқыған сайын таңғалатындығын айтса, Гете Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат­күштің қайнар көзі болып қала бермек, Капитан Кусто «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін, ол – Алланың хақ сөзі» деген. Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – деп Құранның хақ екендігін білдірген.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары