Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ұлытау ауданында Ұлы Абайдың 175-жылдық мерей-тойына орай мүшәйра болып өтті
28 қазан, 2020 жыл 61 Басып шығару нұсқасы

Ақынын ардақтаған Алаш жұртының әрқашан маңдайынан бақ, таңдайынан жыр кетпегені әлімсақтан белгілі. Ақындар мен батырларын қашан да мәртебе тұтқан еліміз әрбір биік тұлғасының мерейтойларын абыроймен атқарып келеді. Биыл қазақтың ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы елімізде кеңінен тойланбақ. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен, Ұлытау ауданы мешітінде жеткіншектер арасында «Абай оқулары» мүшәйрасы болып өтті. Шарада қатысушылар қазақ ойшылының өлеңдерін оқудан сайысқа түсті. Нәтижесінде жүлделі 1-орын Махмудов Алишерге, 2-орын Тұрлыбай Көркемайға, 3-орын Шабаз Нұртөре және Қайратқызы Кәуарға тиесілі болды. Ал, ең жас қатысушы Тұрлыбай Анар көрермен көзайымы атанды. Жүлделі орынға ие болған қатысушыларға ақшалай сыйлық пен марапаттау қағаздары табысталды. Қалған барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы сыйға берілді.

"Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма", – деп жырлап өткен Абай атамызға бүгінгі ұрпақтан айтылар алғыс, арналар жырдың мол болатынына сенім мол.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойыша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары