Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ҚАРИЛАР ІХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНАН ҚАНЖЫҒАЛЫ ОРАЛДЫ
26 қазан, 2020 жыл 42 Басып шығару нұсқасы

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық байқауы мәресіне жетті. 

72 үміткер бақ сынасқан ұлы додаға аймағымыздың атынан «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша қатысқан Сабырджан Мұхаммед Аипжанұлы екінші орынды иеленіп, 300 мың қаржылай жүлдені қанжығасына байлады. Сондай-ақ жарыстың ең жас қатысушысы әрі жерлесіміз 8 жастағы мектеп оқушысы Сейтқасым Нұртілеу Серікұлына «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша ата-анасымен бірге кіші қажылыққа жолдама берілді.

Байқаудан қанжығалы оралған қариларға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Өзінің үлкен алғысын айтып, батасын беріп, марапаттау қағазы мен ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

Еске сала кетейік, екі күнге созылған қарилар байқауы Діни басқарманың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Елдегі пандемияға байланысты байқау екі күн бойы «Хикмет студиясының» YouTube-арнасынан, «Халық Арна» телеарнасы және Мүфтияттың Instagram-дағы ресми парақшасынан тікелей эфирде көрсетілді. 

Алла Тағала жас күнін Құран жаттаумен өткізген қариларымызға бір өзі жар болып, ізбасарларын көп қылсын!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары