Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Жәйрем кенті мешітінде «Рухани келісім күні» қайырымдылық жүзеге асты
18 қазан, 2020 жыл 60 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла тағаланың өзі­нің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік».

Расында, біз кешегі аумалы заманда қиындыққа төзіп, сынаққа сабыр етіп, азат­тықтың ақ таңын атырған ха­лықпыз. Сондықтан да тәу­елсіздік, бірлік, бейбітшілік, татулық – ұлтымыз үшін ұлы ұғым, қастерлі сөз.  Бүгін Қарағанды облысына қарасты  Жайрем кенті мешіті   «Рухани келісім» күні ауылдың ең үлкен ақсалы мен жалғыз басты басқа ұлт өкілі, үлкен жастағы апаға қайырымдылық жасады. Игі шара облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен, Жайрем кенті мешітінің имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Ата-бабаларымыздың ас­қақ арманы мен өр рухы­ның, иманға берік мұсыл­ман­дығының арқасында келген тәуелсіздік – Алланың бізге берген сыйы һәм нығметі. Жаратушы Раббымызға сансыз шүкірлер айтамыз, егемендігімізбен бірге дініміз де өркендеп, елімізде еңселі мешіттер мен медреселер бой көтерді, әлеуметтік жағ­дайымыз түзеліп, экономикамыз даму үстінде. Ендеше, халықтың әл-ауқатын бұдан әрі көтеру үшін бізге ең әуелі бірлік ауадай қажет. Өйт­кені бейбітшілік – біздің ба­қытымыз бен баға жетпес байлығымыз.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары