Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Саран қаласы: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мүшәйра өтті
15 қазан, 2020 жыл 98 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының арнайы әр аптаға бір шара бастамасы аясында Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен  15 - қазан күні ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» тақырыбында жыр мүшәйра өтті.   Сайысқа облыс бас имамы Бекқожа Өмірзақ қажы және Саран қаласының зиялы қауым өкілі Мұсабеков Адамжан Рақымбердіұлы мен Саран қалалық мешітінің  бас имамы  Саликов Мұхаммедқали қажы Сапарғалиұлы қатысып, төрелік етті. Абай бабамыздың мерей-тойына арналған  мүшәйраға жеті қатысушы қатысып, ең үздік деген үш жеңімпаз анықталды. Атап өтсек, жүлделі 3- орынды Нұрмаханов Аманжол қанжығасына байласа, 2 - орын Айдын Олжасқа тиесілі болд. Бас жүлдені Сәулет Сәби иеленді. Қатысушы жастарға мешіт қолдаушыларының атынан және Тәжітаев Ерденбай Елубайұлы атынан ақшалай сыйлық табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары