Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешітінде «Sauap» еріктілер орталығы құрылды
12 қазан, 2020 жыл 250 Басып шығару нұсқасы

Әлемді жоқтан бар еткен Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын және адамдардың асылы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) салауаттар мен сәлемдер болсын!
Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялауына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша діни қызметкерлеріне үндеу жариялауына орай еліміздің мешіттерінің жамағаты мен шәкірттері арасында көптеген еріктілер тобы құрылып, қоғам арасында қайырымдылық шоғын маздатқан шаралар қарқынды жүзеге асып келеді. Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен және Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлының  тапсырмасымен «Sauap» еріктілер орталығы құрылып,  ашылу салтанаты мерекелік түрде атап өтілді. Игі бастамаға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы қатысты. Ізгілік пен шарапатты бастамаларға негіз болган еріктілер ұйым алдағы уақытқа бірнеше жоспарлар құрып, игі жұмыстарға жұмылуға ниеттеніп отыр.
Ендігі кезекте «Sauap»  орталығы  жүрегі елім деп соққан барша жомарт жандарды аталмыш ұйымға қабылдайды. Еріктілер саны шектеусіз.
Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, -  демекші баршаңызды берекелі бастамаға ат салысуға шақырамыз!
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін  ұмытпайық.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары