Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«БАЛА ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО)
09 қазан, 2020 жыл 671 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірза қажы Қазкенұлының тапсырмасымен және «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының ұйымдастыруымен Құран жарысы болып өтті. Берекелі шараның ашылу салтанатында облыс бас имамы барша сайыскерлерге ақ жол тілеп, батасын берді.  Байқауға аймақтың 15 қатысушысы қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде жүлделі І орынды Бұқаж жырау ауданы, Ростовка ауылдық «Мешіт-медресесінің шәкірті Құттыбай Дарын иеленді. Кезекті ІІ орында Қарағанды қаласы, «Олжас Есенұл» атындағы сауат ашу орталығының шәкірті Әбдіразақ Қасым қанжығасына байласа, ІІІ орын Қарағанды қалалық «Күнгей» мешітінің шәкірті Амангелді Аланға бұйырды. Айта кетейік, берекелі сайыстың жеңімпаздары атанған жүлдегерлерге қаржылай сертификат табысталып, байқаудың ең жас екі қатысушысына ынталандыру сыйлықтары берілді.  Байқауға қатысқан он қатысушыға мадақтама қағаздары табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары