Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қаласы, Нурсултан-Караганды тас жолы бойындағы мешіттің құрылысына ат салысайық
08 қазан, 2020 жыл 27 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қаласы, Нурсултан-Караганды тас жолы, 108 есептік орам, 148 жер телімі бойынша жүргізіліп жатқан мешіт құрылысының бүгінгі таңда қабырғалары қаланып, біршама жұмыстар жүйеге түсіп келеді. 2019 жылдың наурыз айында басталған мешіт 700 аса адам сыйымдылығына арналған екі қабатты ғимарат. Мешіт ғимаратының жалпы аумағы 700 шаршы метрден асады. Оның ішінде ер намазханасы және әйел жамағатына арналған намазханалары, имам бөлмесі және діни тәлім алатын сыныптар қарастырылған. Ендігі уақытта ғибадат үйі құрылысының толыққанды атқарылуына көп болып қолдау танытудың маңыздылығы артуда.

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» Жалпы, мешіт салудың сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). Ең бастысы сауапты іс жасаймын деген азамат қайырлы істі атақ пен абырой алу үшін емес, Жаратушының разылығын алуды мақсат етеді. Елдің көркеюіне, халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына үлес қосамын деген ниетті жандар қаламыздың іргелерінде қарқынды жүріп жатқан мешіт құрылыстарына мүмкіндігінше қол ұшын беріп, сауаптан үлес алуға мүмкіндігіңіз мол. Жәннаттан үйлі болуға асығайық ағайын!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары