Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешітінде «Әйел адамның қоғамдағы орны» атты семинар өтті.
08 қазан, 2020 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен және «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Теміртау орталық мешітінде «Әйел адамның қоғамдағы орны» атты семинар өтті. Игі шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы қатысып, қоғамдағы әйел адамның маңыздылығын айта келе, ұлтымыз тарихындағы абзал аналарымыздың ғибратты ғұмырына тоқталып, осындай игі істердің бүгінгі таңда аса маңызды екендігін жеткізді. Сондай-ақ, исламдағы әйел адамның орыны туралы салиқалы әңгіме өрбітіп, ислам тарихындағы ардақты аналардың өмір жолынан деректер айтып берді. Игі шара барысында берекелі дастархан жайылып, жиынға қатысушыларға жаңадан шыққан «Пайғамбарымыздың с.а.с отбасындағы мәмілесі» атты кітабі үлестіріліп берілді. Семинардан рухани азық алған әйелдер жамағаты шара  соңында игі жиынды ұйымдастырған Теміртау орталық мешітіне алғыстарын айтты. Жиын соңында Құран оқылып, дұға жасалды

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары