Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«KazN-Group» ЖК Zoom sushi-pizza мекемесіне «Халал» сертификаты табысталды. (фото)
08 қыркүйек, 2020 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы бойынша өкілдігі «KazN-Group» ЖК  Zoom sushi-pizza мекемесін  «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады. Арнайы сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы  табыстады.

Арнайы тексеріс жұмыстарына ҚМДБ-нан мамандар келіп, өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов мырзаның қатысуымен аталған мекемеде тексеріс жұмыстары жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары