Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ: ЖАМАЛ АПАНЫҢ РУХЫНА БАҒЫШТАЛҒАН РУХАНИ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ӨТТІ (фото)
07 қыркүйек, 2020 жыл 577 Басып шығару нұсқасы

 «Құрмет» орденінің иегері, «Батыр ана» марқұм Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал апамыз еліміздің барлық өңірінде түрлі қайырымдылық шараларын жасап, көптеген ізгі де сауапты істерді атқарып, халықтың разылығына бөленген жан. Бүгінде Жамал ананың өмірде атқарған жақсылығын жалғастыру мақсатында ұрпақтары, отбасы мүшелері мен ағайын-туыстары  республикалық «Біз біргеміз», «Жақыныңа жанашыр бол!» бастамалары аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырып жатыр. Игі шарада  әр облыстан 300, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 500, барлығы 6300 отбасыға азық-түлік тарату ісін қолға алынды.      Осы игі шара бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Жамал апаның рухына арнап 300 мұқтаж отбасына азық-түлік үлестірілді. Игі шара барлық  карантиндік-сақтық шараларын сақтай отыра, марқұмның жетісі, қырық күндік, жылдық және басқа да еске алу рәсімдерінің орнына ұйымдастырылды.  Шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы марқұм Әбдімәлікқызы Бибі-Жамал апамыздың рухына арнайы Құран бағыштап, барша жиналған қауым алақан жайып дұға жасады. Аталған шара ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының ат салысуымен және мешіт имамдарының қатысуымен іске асты.

          ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары