Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Hani Cakes & Coffee» кондитерлік өнімдеріне «ҚМДБ хала» сертификаты табысталды
02 қыркүйек, 2020 жыл 673 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы ойынша өкілдігі  «Hani Cakes & Coffee» кондитерлік өнімдерін «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады.

 

Өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов мырзаның басшылығымен аталған кәсіпорында тексеріс жұмыстары жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.

Нәтижесінде   «Шакабаев М.Р» ЖК кондитерлік өнімдерінің «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып ,«ҚМДБ халал» сертификаты  табысталды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары